USD
USD
USD

Бүгінгі ауа райы болжамы қандай?

Қазгидромет 15 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Бүгінгі ауа райы болжамы қандай?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қара теңіз аудандарынан белсенді циклон әлі де еліміздің ауа райына ықпал етеді. Қазақстан аумағында жауын-шашын (жаңбыр, қар) сақталады, солтүстігінде, солтүстік-батысында – қар, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, шығыста – көктайғақ, солтүстікте, солтүстік-батыста - бұрқасын, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл, найзағай, бұршақ күтіледі», - деп жазды синоптиктер.

Ондағы мәліметтерге қарағанда, Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында, түнде Ақмола, Қостанай облыстарының батысында, шығысында қатты қар жауады.

Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында, таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында, түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде, таңертең және күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, түнде Атырау облысының оңтүстігінде, күндіз Абай облысының шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе