USD
USD
USD

«Қазгидромет» бірнеше өңірде ескерту жариялады

«Қазгидромет» РМК 11 ақпанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

«Қазгидромет» бірнеше өңірде ескерту жариялады
Фото: NEGE.kz

Астана. NEGE. Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында – тұман, күндіз көктайғақ болжанады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысып, күші 15-20 м/с артады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде және орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында тұман, көктайғақ болады. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болжанады.

Ақмола облысының батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз оңтүстік-батыста екпіні 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында көктайғақ, солтүстігінде тұман күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман болжанады. Күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с артады.

Қостанай облысының солтүстігінде және батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысын тұман басады. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, өңірдің солтүстігінде және батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болады. Күндіз облыстың батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз батыста және орталықта күші 15-20 м/с артады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыста, батыста желдің екпіні 15-20 м/с артады. 12 ақпанда облыстың басым бөлігінде қар, бұрқасын болжанады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық