USD
USD
USD

Қазгидромет: Ауа температурасы 15-20 градусқа дейін жылынады

Қазгидромет 29-31 наурызға арналған ауа-райы болжамын жариялады. 

Қазгидромет: Ауа температурасы 15-20 градусқа дейін жылынады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Наурыздың соңғы күндерінде солтүстік-батыс циклонның жырасы құбылмалы ауа райын қалыптастырады. Осылайша республиканың барлық аумағында жауын-шашынды болады. 29 наурызда солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында. Ал 30 наурызда тек елдің шығысында ғана қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Республика бойынша тұман, көктайғақ болжанады, жел 15-28 м/с дейін күшейеді, солтүстік пен оңтүстікте болса желдің екпіні тіптен 30 м/с дейін және одан да көп болмақ, солтүстікте, шығыста, елдің орталығында бұрқасын байқалады. Ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі: түнде республиканың солтүстік жартысында минус 6 және плюс 2 градус болады. Оңтүстік жартысында ауа температурасының 5 градус суық 5 градус жылы температура болжанады. Күндіз елдің батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстігінде ауа температурасы 10-20 градусқа, солтүстігінде 2-8 жылуға дейін көтерілуі, шығысы мен орталығында 3-11 градус жылы болуы ықтимал.

Қазір оқып жатыр

Түбегейлі өзгеріс емес, нысаналы түзету: Үкіметте неге төрт-ақ министр ауысты?

Үкіметтің жаңа құрамы

Сүлейменов Ұлттық қордан алынатын 5 трлн теңге инфляцияға қалай әсер ететінін айтты

инфляция

Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрілігінің жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді

Ақпарат және мәдениет министрін қабылдады

Талғарда қылмыстық істі тоқтату үшін тегін демалмақ болған екі полицей ұсталды

Маңғыстау