Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады
Ақмола облысының оңтүстігінде тұман түседі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с жел соғады.
Алматы, NEGE. Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай болжанады. Таулы және тау етегіндегі аудандарында бұршақ, дауыл күтіледі. Қызылорда облысының орталығында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде желдің күші 15-20 м/с жүреді. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман болады.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында шаңды дауыл соғады. Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай жарқылдайды. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде желдің күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді. Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарда, күндіз таулы аудандарда найзағай, бұршақ, дауыл. Солтүстік-батыстан шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Шымкент қаласында 25 сәуірде түнде кей уақытта найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Түнде 25 сәуірде Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, таулы аудандарында, күндіз 25, таңертең және күндіз 27 сәуірде қатты жаңбыр күтіледі.
Қазір оқып жатыр
Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді
Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді
Өзбекстан құрамасы Конгоға есе жіберіп, әлем чемпионатындағы ойынын аяқтады
Жамбыл облысында 1 млрд теңгедей қаржыға салынған канал опырылып түсті