USD
USD
USD

Қазгидромет: Алдағы үш күнде 25 градусқа дейін аяз болады

«Қазгидромет мамандары 18-20 қараша аралығында ел аумағында ауа райы қандай болатынын айтты.

Қазгидромет: Алдағы үш күнде 25 градусқа дейін аяз болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 18-19 қарашада Антлантикалық циклон және атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, қар жауады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болжанады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, сондай-ақ еліміздің солтүстік жартысында бұрқасын болып, екпінді жел соғады.

20 қарашада суық солтүстік-батыс антициклон келеді, соның ықпалымен республиканың басым бөлігінде жауын- шашын тоқтайды. Алайда елдің батысы мен солтүстік-батысында кезекті циклонның салдарынан қайтадан жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Ауа температурасының ауытқуы Қазақстанның батысында түнде 0-5-тен 5- 10-ға дейін аяз, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта 5-15-тен 15-25-ке дейін аяз, оңтүстік өңірлерде 5-13-тен 8-16-ға дейін аяз, шығыста 2-10-нан 15-25-ке дейін аяз болады.

Қазір оқып жатыр

Спорт министрлігі: «Асаубаеваның дайындығына 2026 жылы 100 млн теңге бөлінді»

Жарасбаев

«Ақ үйде досыңыз бар деп айта аламын»: Тоқаев Трамптың арнайы өкілімен кездесті

Тоқаев

2025 жылға арналған барлық әлеуметтік міндеттеме орындалды – Мәди Такиев

Мәди Такиев

Шахматшы Бибісара Асаубаева Спорт министрлігіне шағымданып Тоқаевтан көмек сұрады

Бибісара Асаубаева