USD
USD
USD

Қазгидромет 8 өңірде ескерту жариялады

 «Қазгидромет» РМК бүгін ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады. 

Қазгидромет 8 өңірде ескерту жариялады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, Атырау облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде солтүстік-батыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с. Күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытына ауысып, екпіні 15-20 м/с артады. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, күтіледі. Түнде және таңертең көктайғақ болжанады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші күндіз 15-20 м/с артады. Күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с артады. 21, 22 қазан күндері тәулік бойы Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер