USD
USD
USD

Қазгидромет 5 облыста ескерту жариялады

«Қазгидромет» ауа райының қолайсыздығына және көктемгі күн жылыну кезіндегі ауа райындағы құбылыстарға қатысты 5 облыста ескерту жариялады.

Қазгидромет 5 облыста ескерту жариялады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 1 сәуірде Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі. Шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді деп болжанады.

Көкшетау қаласында 1 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. 1 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі. Қызылорда қаласында 1 сәуірде кей уақытта тұман күтіледі. 1 сәуірде Қостанай облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді деп болжанады.

Қостанай қаласында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ға жетеді. 1-2 сәуірде Қарағанды облысында кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы облысында жауын-шашын түседі деп болжанып отыр, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында 2 cәуірге дейін қар көшкіні қаупі сақталады. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы тік жартастарға шығу қауіпті.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер