USD
USD
USD

Қазгидромет: 3 өңірде өзен суы көтерілуі мүмкін

 16-17 сәуір аралығында жаңбыр мен жылбысқы қар түрінде қатты жауын-шашын болжамына байланысты Жетісу, Алматы және Түркістан облыстарында өзен суы көтеріледі деп күтіледі.

Қазгидромет: 3 өңірде өзен суы көтерілуі мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды. «Қауіпті деңгейден асқан жағдайда өзеннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі болуы мүмкін» делінген синоптиктер мәліметінде.

Су деңгейге көтерілуі мүмкін өзендер:

Түркістан облысында:
- Устье – Келес өзені (14 сәуір сағат 08.00-де деңгейі 294 см болды. Қауіпті деңгей – 500 см);
- Қараспан ауылы – Бадам өзені (14 сәуір сағат 08.00-де – 186 см, қауіпті деңгей – 431 см);
- Екпінді ауылы – Бөген өзені (14 сәуір сағат 08.00-де – 236 см, қауіпті деңгей – 560 см);
- Қантағы ауылы – Қарашық өзені (14 сәуір сағат 08.00-де – 192 см, қауіпті деңгей – 350 см);
- Боралдай ауылы – Боралдай өзені (14 сәуір сағат 08.00-де – 209 см, қауіпті деңгей – 380 см);
- Жарықбас ауылы – Қатты бөген өзені (14 сәуір сағат 08.00-де – 260 см, қауіпті деңгей – 536 см);
- Ақбет өзенінің сағасынан 3,3 км төмен – Шаян өзені (14 сәуір сағат 08.00-де – 118 см, қауіпті деңгей – 260 см);
- Арыс теміржол станциясы – Арыс өзені (14 сәуір сағат 08.00-де – 310 см, қауіпті деңгей – 849 см).
Алматы облысында:
- Фабричный ауылы – Ұзын Қарғалы өзені (14 сәуір сағат 08.00-де – 91 см, қауіпті деңгей – 240 см);
- Сарыторғай шатқалы – Шарын өзені (14 сәуір сағат 08.00-де – 122 см, қауіпті деңгей – 762 см);
- Талғар қаласы – Талғар өзені (14 сәуір сағат 08.00-де – 274 см, қауіпті деңгей – 368 см).
Жетісу облысында:
- Плодоконсервный ұмсо. – Көктал өзені (14 сәуір сағат 08.00-де – 107 см, қауіпті деңгей – 226 см).

Қазір оқып жатыр

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG

«Зор қолдау сездім»: Айжан Аймағанова Құрылтай депутаты ретіндегі екі аптасы қалай өткенін айтты

Құрылтай депутаты

Қазан айында ауаның орташа температурасы нормадан 1–2°С жоғары болады деп болжанды

Қазанға арналған ауа райы болжамы

Халық кеңесін құруға бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінбек: қаражат қайда жұмсалады?

Ақша