USD
USD
USD

Қазгидромет: «39-42 градус аптап ыстық болады»

Қазгидромет синоптиктері 8 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазгидромет: «39-42 градус аптап ыстық болады»
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әлі де Қазақстанның бүкіл аумағы атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Сондықтан жаңбыр жауады, еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында бұршақ жауып, дауыл тұрады.

Республика бойынша жел күшейеді. Тек республикамыздың батыс бөлігінде солтүстік-батыс антициклонның әсерінен жауын-шашын жоқ, күн ашық.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде қатты ыстық, Атырау облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық болады.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, шөлді аудандарында, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Жетісу облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу, Абай, Солтүстік-Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Алматы облысының батысында, орталығында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Qarmet ұжымының ұйымшылдығы мен еңбегін жоғары бағалады

.

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон