USD
USD
USD

«Қазгидромет» 19-21 наурыз күндерінің күн райы болжамын жариялады

«Қазгидромет» 2022 жылғы 19-21 наурыз күндерінің күн райы болжамын жариялады.

«Қазгидромет» 19-21 наурыз күндерінің күн райы болжамын жариялады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Апта соңында Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклоны ықпалында болады, осыған байланысты аязды, көбіне жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда Жаңа жер архипелагы жақтан келетін циклон 20 наурызда республиканың солтүстік, солтүстік-батыс аймақтарына әсер ете бастайды. Циклон оңтүстік-шығысқа қарай ауысып, 21 наурызда республиканың басым бөлігін қамтиды. Осыған байланысты ауа температурасы жоғарылап, күн кұрт бұзылады, атап айтқанда оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қар аралас жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, жел күшейеді, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Республика бойынша тұман түсуі ықтимал», – делінген синоптиктер хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері