USD
USD
USD

Қазгидромет 10 облыста ескерту жариялады

Қазгидромет ауа райының қолайсыздығына байланысты 10 облыста ескерту жариялады.

Қазгидромет 10 облыста ескерту жариялады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 25 қаңтарда Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Атырау қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады. 25 қаңтарда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Актобе қаласында тұман болады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Орал қаласында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады. 25-28 қаңтарда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі. 27-28 қаңтарда кей жерлерде солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с-ға жетеді.

Тараз қаласында 25-28 қаңтарда кей уақытта тұман болады. 25 қаңтарда Ақмола облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с болады. 25 қаңтарда Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Түнде 25 қантарда кей жерлерінде 35 градус қатты аяз болады. 25 қаңтарда Түркістан облысында кей жерлерінде тұман болады. 25 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман болады. 25 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с-ға жетеді жетеді. Түнде 25 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында 28-33, кей жерлерде 40 градус аяз күтіледі. Кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман болады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық дәрігерлер ЖИ көмегімен инсульт пен өкпе обырын анықтап жатыр

Сот-медициналық сарапшы

«Самұрық-Қазына» ісі «Қазатомөнеркәсіпке» жетті: ҰҚК ұлттық компанияның топ-менеджерін ұстады

Қуаныш Омарбеков

«Қазгидромет» Ташкент ауасының ластануына Қазақстанның қатысы бар деген айыптауды теріске шығарды

Ташкент

«Халықтық құрылыс» бағдарламасы қаржысын журналистер, депутаттар мен күштік құрылым өкілдері бақылайды

Құрылыс