USD
USD
USD

Қазгидромет қазақстандықтарды денсаулығына сақ болуға шақырады

Қазгидромет осы 22 маусымда Қазақстанның әр аймағында ауа райы құбылмалы болатынын және аптап ыстық сақталатынын мәлімдеді. 

ы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Синоптиктердің айтуынша, еліміздің басым бөлігіне циклон мен оған ілескен атмосфералық фронттар ықпал етеді. Бұған байланысты бірқатар өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Сонымен қатар, батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарда бұршақ түсуі ықтимал. Жекелеген өңірлерде жел күшейіп, солтүстік пен оңтүстікте шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Кейбір аймақтарда аптап ыстық сақталады. Ауа райының тұрақсыздығына қарамастан, бірқатар облыста күннің қызуы бәсеңдемейді. Қазгидрометтің болжамы бойынша, Жетісу облысында ауа температурасы +36°С-қа дейін көтеріледі. Ұлытау, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында +35°С-қа дейін, ал Қызылорда облысында +40°С-қа дейін аптап ыстық болады.

Мамандар тұрғындарды ауа райына сәйкес киініп, күн ыстықта денсаулыққа сақ болуға шақырады

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу