USD
USD
USD

Қазгидромет қараша айына арналған ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктер 2024 жылдың қараша айындағы ауа райы болжамын жариялады.

райы
Фото: depositphotos.com

Алматы, NEGE. Қазгидромет таратқан хабарламаға қаарағанда, қарашада жылы және аязды күндер жиі алмасып тұрады, сонымен қатар жауын-шашынды болады: оңтүстік-батыс және оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. Ай бойы желдің күшеюі, боран, көктайғақ пен тұман болады деп болжанып отыр.

«Қарашаның бірінші онкүндігінің басында ауа температурасы көтеріледі: республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде -5+5°С-тан +2+8°С-қа дейін, күндіз +2+7°С-тан +7+12°С-қа дейін, кейінірек температура біртіндеп түнде -2-8°С-қа, күндіз 0, -5°С-қа дейін төмендейді.Оңтүстікте 4-10 қараша аралығында жаңбыр жауады, кейбір күндері қатты жауын-шашын болуы мүмкін, ал таулы аймақтарда жаңбыр қарға айналуы мүмкін. Батыс аймақтарда түнде ауа температурасы +4+10°С-тан -2-7°С-қа, күндіз +7+15°С-тан -2+5°С-қа дейін төмендейді деп болжанып отыр», — деп жазылған хабарламада.

Ал қарашаның екінші жартысында ауа райы күрт суытып, аяз түседі.

«Суық ауа массалары келгенде термометр бағаны ең салқын күндері төмендейді. Республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде -15-24°С-қа дейін, күндіз -7-12°С-қа дейін төмендейді. Батыс және оңтүстік өңірлерде түнде -3-15°С, күндіз 0, -7°С-қа дейін төмендейді. Қараша айында жауын-шашын мөлшері республика аумағының басым бөлігінде қалыпты деңгейде болады деп болжанып отыр», - дейді Қазгидромет.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев экс-министр Азамат Есқараевты Үндістаннан алдырып, жаңа қызметке тағайындады

Азамат Есқараев

Қазақстан Қарулы күштері Бас штабына жаңа басшы тағайындалды

Атқұрман Омарбеков

Колонияларда мобильді сигнал қуатын шамадан тыс асырған үш операторға айыппұл салынды

Айыппұл

Елена Рыбакина жарақатына байланысты Ухань турнирінен шет қалды

Елена Рыбакина