USD
USD
USD

«ҚазАвтоЖол» компаниясының қызметкері қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапты

2024 жылдың 10 ақпанында республикалық маңызы бар Самара – Шымкент тас жолында «ҚазАвтоЖол»компаниясының қызметкері қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапты.

 Сақтапберген Бақытжанұлы Сыдықов
Фото: ҚазАвтоЖол

Алматы, NEGE. Самара-Шымкент автожолының 1285-шақырымында қайғылы оқиға болды.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан тікелей қызметтік міндетін орындау кезінде ҚазАвтоЖол Қызылорда облыстық филиалының бас маманы Сақтапберген Бақытжанұлы Сыдықов қайтыс болды.

Оқиға «Самара-Шымкент» автожолында Арал ауданы, Сазды ауылы маңында қозғалыс қайта жанданған уақытта болған.

Қатты жылдамдықпен келген Toyota Alphard көлігі жол бойында тоқтап тұрған көлікке соқтығысқан, сол уақытта автокөлік ішінде компания қызметкері жұмыс істеп отырған.

Ол тілге келместен сол жерде жан тапсырды.

Марқұм Қызылорда облыстық филиалының бас маманы болып, компанияда 6 жылдан астам жұмыс істеп, өзін адал, кәсіби қызметкер ретінде танытты.

Сақтапберген Сыдықовтың артында төрт баласы мен жары қалды.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ марқұмның артында қалған отбасына компания тарапынан бүкіл қажетті қаржылық қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай

Құрылтай депутаттары волонтерлікті дамытуды парламенттік деңгейде қолдауды ұсынды

Құрылтаф делегациясы

Шымкентте 45 минут ыстық ұшақта отырған жолаушы FlyArystan-нан 200 мың теңге өндіріп алды

FlyArystan