USD
USD
USD

«ҚазАвтоЖол» 700 млн долларға дейін несие алады: қаражат қайда жұмсалады?

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы қазақстандық үш банкпен 700 млн долларға дейін несие алу туралы келісімге қол қойды. Алайда бұл қаражат жаңа жол салуға емес, бұрынғы қарызды өтеуге жұмсалады.

ҚАЖ
Фото: primeminister.kz

Астана, NEGE. Үкіметтің мәліметінше, келісімге Halyk Bank, Банк ЦентрКредит және Еуразиялық банк қатысып отыр. Қаржыландыру 2034 жылға дейін беріледі.

Бұған дейін «ҚазАвтоЖол» республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу үшін Қазақстанның Даму банкінен (ҚДБ) қарыз алған. Енді сол берешек коммерциялық банктердің қаражаты есебінен қайта қаржыландырылады. Яғни компанияның бұрынғы қарызы жаңа несие арқылы өтеледі.

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің айтуынша, бұл шешім ҚДБ-ның қаржысын босатып, оны басқа инфрақұрылымдық жобаларға бағыттауға мүмкіндік береді.

«Мемлекет басшысы экономиканың нақты секторын қаржыландыруға екінші деңгейдегі банктердің неғұрлым белсенді қатысуы және ірі жобаларды іске асыруға жеке капиталды тарту қажеттігін бірнеше рет атап өтті. Бүгін біз осындай өзара әрекеттестіктің нақты мысалын көріп отырмыз. Бұл жерде сөз жол құрылысына жаңа қарыз алу туралы емес, коммерциялық банктердің қаражаты есебінен ҚДБ алдындағы қолданыстағы міндеттемелерді қайта қаржыландыру туралы болып отырғаны аса маңызды», – деп атап өтті вице-премьер.

Синдикатталған қаржыландыруды ұйымдастырушы әрі агент-банк Halyk Bank болып отыр.

Қазір оқып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялауға кірісті

вице-президент

Павлодар облысында Алтын Орда дәуірінен қалған көне темір өндірісі анықталды

Баянауыл аударнындағы археологиялық іздер

Пәтерді босатпай, иесін соққыға жыққан: Астанада 22 жастағы жігіт қамалды

Астана ПД

«Алтын доп» рәсіміне қатысқан Боранбаевқа шетелге шығуға кім рұқсат берді?

.