USD
USD
USD

«Қазатомөнеркәсіптің» табысы екі есе азайды

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2025 жылдың қаңтар-маусым айларындағы таза табысының екі есе азайғанын хабарлады. Аталған мерзімдегі көрсеткіш 263,2 млрд теңге болған, ал бір жыл бұрын 571,7 млрд теңге болатын.

Атом
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Мұның жайын компания түсіндірді. Айталық, 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында көрсеткіш жоғары болғаны «Буденовское» БК ЖШС-ін біріктіруден түскен бір реттік табысқа байланысты екен. 2025 жылы түзетілген пайдаға қосымша түрде валюталық айырмадан болған шығын да әсер еткен.

Есепті кезеңде топтың кірісі 6%-ға азайып, 660,2 млрд теңге болған. Соған қарамастан, жалпы пайда 11%-ға өсіп, 286,5 млрд теңгеге жетті. Салық салынғанға дейінгі пайда 1,7 есеге құлдырап, 322,6 млрд теңгені құрады.

Жыл басынан бері компания активтері 6,6%-ға өсіп, 4,073 трлн теңгеге жетті. Міндеттемелер бір жарым есеге артып, 1,241 трлн теңгені құрады. Ал меншікті капитал 5,5%-ға қысқарып, 2,831 трлн теңгеге дейін төмендеді. Жарғылық капитал өзгеріссіз қалды, көлемі – 37,051 млрд теңге.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

DIFS

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

ұрлық

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Ақша

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті

Қыздар