USD
USD
USD

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Алматыда 4 қазаннан бастап коммуналдық арнайы тұрақтарға жеткізілген көліктерді эвакуациялау мен сақтау ақысын төлеудің бірыңғай тәртібі енгізіледі.

Айып тұрағындағы көліктер
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Жаңа тәртіп Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне сәйкес заң бұзып ұсталып, арнайы тұрақтарға эвакуацияланған көлік құралдарына қолданылады.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, көліктің барлық санаты үшін эвакуация құны 3 АЕК, яғни 12 975 теңге болады.

Айып тұрағы үшін де жүргізушілерден ақы алынады. Атап айтқанда: 

  • жеңіл автокөлікті арнайы тұрақта сақтаудың алғашқы тәулігі үшін 2,5 АЕК – 10 812,5 теңге,
  • ал әрбір келесі тәулік үшін 5 АЕК – 21 625 теңге төлеу қажет болады.

Әкімдіктегілер коммуналдық арнайы тұрақтарда тұрған көлік иелеріне автокөліктерін 3 қазанға дейін алып кетуді ұсынып отыр.

Қазір оқып жатыр

Ермұрат Бәпи: «Мені сатқын деуге ешкімнің хақысы жоқ»

Decaf

«Таза Қазақстан»: «Әділет» партиясы жастардың азаматтық белсенділігін арттыруда

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Астанада автосалон менеджері 53 млн теңгенің сегіз көлігін заңсыз сатып, қаржыны өз қалтасына басқан

Менеджер

Пәкістанда мектептің төбесі опырылып, 32 оқушы мен бір мұғалім қаза тапты

Оқиға орны