USD
USD
USD

Қазанда тұрғын үйлерге дронмен шабуыл жасалды

Ресейдегі Қазан қаласында сағат 12:03-те кем дегенде 8 дрон шабуылы тіркелді. Ұшқышсыз ұшақтардың басым көпшілігі тұрғын үйлерге бағытталды. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Бұл туралЫ BAZA Telegram-арнасы хабарлады.

ТЖМ
Фото: Видеодан кадр: ҚР ТЖМ

Алматы, NEGE. Қазан аспанындағы дрон шабуылы таңғы 7:50-де басталды. 12:03-тегі жағдай бойынша барлығы 8 ұшқышсыз ұшақтың соққысы тіркелді. Олардың бірі өнеркәсіптік кәсіпорынға шабуыл жасаса, екіншісі өзен үстінде атып түсірілді. Ал 6 дрон тұрғын үйлерге бағытталды.

"Дрон Камалеев даңғылы, Клара Цеткин, Юкозинская, Хади Такташ, Красная позиция көшелеріндегі ғимараттарға және Орынбор тракт көшесіндегі үйге бағытталды. Ұшқышсыз ұшақтарға қарсы автоматтар қолданылды", - делінген портал материалында.

 Қаладағы ең биік ғимарат Камалеев даңғылындағы Azure Skies тұрғын үй кешеніне бірден екі дрон соғылып, өрт шыққан. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы жұмысшылар эвакуацияланып, қауіпсіз жерлерге орналастырылды. Шабуылдың салдарынан демалыс күндері Қазан қаласындағы барлық бұқаралық іс-шаралар тоқтатылды. Тұрғындар метро станцияларына паналап, қауіпсіздік шараларын қабылдауға мәжбүр болды. 

Қазір оқып жатыр

«Самұрық-Қазына» өкілдері басшысы ұсталғаннан кейін мәлімдеме жасады

«Самұрық-Қазына»

«Самұрық-Қазына» басшысының ұсталуы бұрын-соңды болмаған жағдай»: саясаттанушы

Данияр Әшімбаев

Келер жылдан бастап декреттегі әйелдердің зейнетақы жарнасы азаяды

ана мен бала

Үлкен ауылында 33 мың тұрғынға есептелген атомшылар қалашығы салынбақ

АЭС