USD
USD
USD

Қазанда Қосшыда NVIDIA B300 базасындағы жаңа суперкомпьютер іске қосылады

Бұл жөнінде бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов мәлімдеді.

Тоқаев, Жақыпов
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Оның айтуынша, жаңа кластер жұмыс істей бастаған соң «Қазақтелеком» портфельдік компаниясындағы суперкомпьютер қуаты төрт есе артады. Бұл еліміздің жасанды интеллект, деректерді өңдеу және өнімі жоғары есептеуіш саласындағы әлеуетін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, Ақорданың хабарлауынша, Жақыпов Мемлекет басшысына биыл құны 3,3 триллион теңгеге 16 жобаны іске асыру жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Атап айтқанда, Мойынты – Қызылжар, Дарбаза – Мақтаарал жаңа теміржол желілерінің құрылысы, Қашағандағы газ өңдеу зауыты, Алматы екінші жылу электр орталығын жаңғырту, гибридті электр станциясын салу және Каспий теңізінің табанына талшықты-оптикалық желі төсеу жобалары қолға алынған.

Бұл бастамалар еліміздегі көлік, энергетика және цифрлық инфрақұрылымды нығайтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сондай-ақ халықтың тұрмыс сапасын арттыруға мүмкіндік бермек.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» басшысына басты инвестициялық жобаларды уақтылы іске асыру бойынша бірқатар тапсырма берді.

Қазір оқып жатыр

ҰҚК соңғы төрт жылда 10 террорлық әрекетті тоқтатқан

террорлық әрекет

Үкімет резервінен Астанаға 16 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді: қаражат қайда жұмсалады?

Астана

Air Astana Біріккен Араб Әмірліктерімен әуе қатынасын уақытша тоқтатты

 Air Astana

Қатардың бұрынғы әмірі қайтыс болды: Тоқаев көңіл айтты

.