USD
USD
USD

Қазан қаласындағы мектепте атыс болды

Қазан қаласындағы Файзи көшесіндегі мектепте белгісіз екі адам оқ жаудырды.

Қазан қаласындағы мектепте атыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазіргі мәлімет бойынша, атысты белгісіз екі адам бастаған. Зардап шеккендер бар, олардың қанша екені және оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр», - деді мәлімет беруші.

Оның айтуныша, білім мекемесіндегі атысты жасөспірім бастаған және қазіргі кезде ол ұсталған. Қазіргі кезде оқиға орнында құқық қорғау органдары мен шұғыл қызметтер жұмыс істеп жатыр. Татарстан Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, мектепке қарай Қазан қаласындағы жедел медициналық жәрдемнің 21 бригадасы мен республикалық апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері жіберілді.

«Оқиға орнында Татарстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Марат Садықов жүр», - деп хабарлады агенттік. Аймақтың Білім беру министрлігінің мәліметінше мектептегіі атыстан зардап шеккендердің арасында балалар жоқ. Ал, п рокуратурада ТЖ туралы ақпараттың тексеріліп жатқанын мәлімдеді. «Оқиға орнына Татарстан Республикасының прокуроры Илдус Нафиков аттанды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда», - делінген ведомствоның мәлімдемесінде.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер