USD
USD
USD

Қазан қаласында мектепке шабуыл жасаған Галявиев қамауға алынды

 Қазан қаласындағы мектепке шабуыл жасады деп айыпталған Галявиев қамауға алынды, деп хабарлайды РИА Новости

Қазан қаласында мектепке шабуыл жасаған Галявиев қамауға алынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сот үкімін ешбір эмоциясыз тыңдаған Галявиев өзі өлтірген балалар туралы БАҚ өкілдерінің сұрағын жауапсыз қалдырды. Сот оған екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға шешім шығарды. Оның 17 рет оқ атқаны және кеңсе алдына қолдан жасалған бомба орнатқаны анықталды.

«Ильназ Галявиев өз кінәсін мойындап, айыптау және қамауға алу туралы үкімге қарсы уәж айтқан жоқ», – деді тергеуші.

Ол мұндай үкім оқылғанда ешбір эмоцияға бой алдырмады.

Ал прокурор мектепке шабуыл жасаған Галявиевтің сыбайластары болмағанын растады және оған қатысты терроризм бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс әлі қаралмағанын атап өтті. 

Айта кетейік, Ильназ Галявиев Қазан гимназиясында болған атысқа байланысты айып тағылып отыр. Сот процесінен кейін өзі өлтірген балалар туралы сұраған журналистердің сұрағына ол жауап берген жоқ.

«Галявиевке кісі өлтіру бабы бойынша айып тағылды», – деді тергеуші.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси