USD
USD
USD

Қазан айында Қонаев даңғылы ашылады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысында салынып жатқан жолайрықтың құрылыс алаңына барды.

Қазан айында Қонаев даңғылы ашылады
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Нысан құрылысы кестеге сай жүргізілуде. Д.Қонаев даңғылы қазан айының басында ашылса, Т.Рысқұлов көшесі қараша айында ашылады деп жоспарлануда.

Нысан құрылысына жауапты мердігер - «Bazis Construction» ЖШС-гі. Жолайрықтың жалпы ұзындығы Д.Қонаев даңғылы бойынша - 1 030 м, ал Т.Рысқұлов көшесі бойынша - 684,7 м. Жолдың ені - 45 метр.

Мердігер мекеменің өкілі бүгінде инженерлік жұмыстар толығымен аяқталып, Қонаев даңғылы және Рысқұлов көшесі бойынша 800 метр асфальт жабындысы төселгенін және жол өтпесінің 20 балкасы орнатылғанын мәлім етті.

Қонаев даңғылын тоннель арқылы көліктердің қозғалысы қазан айының басында ашу жоспарлануда. Жобаға сәйкес, Рысқұлов көшесінде Байтұрсынов көшесінен Дулати көшесіне дейінгі аралықта жолдың ені кеңейіп, жол жамылғысын жаңарту жұмыстары қарастырылған.

Жолайрықтың көпір өткелін салу, жол жамылғысын салу жұмыстарын жалғастыру үшін, Рысқұлов көшесінен Байтұрсынов пен Дулати көшесіне дейін көлік қозғалысы үшін толығымен шектелген.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазір оқып жатыр

Павлодар облысында «Газель» мен «Камаз» соқтығысып, бір адам мерт болды

Көлік апаты

20 жастағыларға жеткіліктілік шегі неге 6,6 млн теңге деп белгіленген?

БЖЗҚ

Жетісуға биылғы жазғы маусымда 2 миллионнан астам турист келеді деп күтілуде

Жетісу

Жастар саясаттан алыстады ма, әлде саясат жастардан алыстады ма?

.