USD
USD
USD

Қазан айында ауаның орташа температурасы нормадан 1–2°С жоғары болады деп болжанды

«Қазгидромет» мамандары қазан айына арналған ауа райының консультативтік болжамын ұсынды.

Қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Болжамға сәйкес, күздің екінші айында ауаның орташа температурасы республиканың басым бөлігінде климаттық нормадан 1-2°С жоғары, ал Шығыс Қазақстан облысында, Павлодар облысының солтүстік-шығыс жартысында және Абай облысында норма шамасында күтіледі.

«Қазақстанның басым бөлігінде ауаның орташа айлық температурасы +3…+10°С, республиканың оңтүстік жартысында +11…+16°С аралығында күтіледі», – делінген болжамда.

Ал жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында болады деп болжанғанымен, Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, Атырау облысының батысында, Маңғыстау облысының батысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қостанай облысының солтүстік-батысында нормадан жоғары жауын-шашын күтіледі.

Ал Жамбыл, Жетісу облыстары мен Қызылорда облысының оңтүстік-шығысында, Ұлытау облысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Абай облысында, Түркістан облысының солтүстігі мен Алматы облыстарында жауын-шашын мөлшері нормадан аз болады деп болжанады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты