USD
USD
USD

Қазалыда көше бойында шөп тиелген жүк көлігі өртенді

Қызылорда облысы Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентінде көше бойында шөп тиелген «ГАЗель» көлігі толығымен жанып кетті. Қызыл жалынның әсері жақын орналасқан тұрғын үйге әсер еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазалыда көше бойында шөп тиелген жүк көлігі өртенді
Фото: NEGE.kz

Қызылорда, NEGE. Оқиға 23 қыркүйекте сағат 11:10-да болған. Көлік Әйтеке би кентіндегі Жетес би көшесінің бойында өртенген.

«Оқиға орнына №9 өрт сөндіру бөлімшесінен бір техника мен 4 қызметкер барды. Мамандар оқиға орнына барғанда жүк көлігі толығымен жанып жатқанын анықтады. Сол аумаққа жақын орналасқан тұрғын үйдің бірінің шатырына өрт тиген. Терезесі балқып, әйнектері сынған. Өрт толығымен сөндірілді», - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити