USD
USD
USD

«Қазақтың жезөкшесі»: Блогер Әсел Асқарды кәсіби спортшы соққыға жықты

Әсел Асқардың айтуынша, фитнес клубта грек-рим күресінен чемпион, кәсіби спортшы өзін соққыға жыққан.

«Қазақтың жезөкшесі»: Блогер Әсел Асқарды кәсіби спортшы соққыға жықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Болған жағдай блогердің кавказ халқының жігіттеріне деген көзқарасын түбегейлі өзгерткен. Әсел Асқар араша сұрап Медеу аудандық ішкі істер басқармасына жүгінген.

“Ел алдында жүрген адам ретінде келеңсіз жағдайға тап болдым. Өкінішке қарай, өміріме, абыройыма, қадір-қасиетіме қауіп төніп тұр. Мені кавказ ұлтының өкілі,  грек-рим күресінен чемпион, кәсіби спортшы соққыға жықты. Анамды қорлап, оған ештеңе болмайтынын айтып қорқытты. Оның белді адам екені белгілі болды.

Ол мені ұрып қана қоймай, "қазақтың жезөкшесі" деп қорлады. Осы оқиғаны анықтап, қолданыстағы заңнама шеңберінде шешім қабылдауларыңызды сұраймын.

Құрметті генерал Запаров Арыстанғали Расылханұлы мырза, осы тергеудің барысын жеке бақылауға алуыңызды сұраймын. Алматы қаласының прокуроры Берік Қуанышбекұлы Жүйріктаев осы оқиға аясында заң орындалуын бақылауыңызды сұраймын. Мен өз елімде өзімді қауіпсіз сезінбеймін. Мұндай жағдай қайталанбас үшін оны заңға сәйкес жазалауын сұраймын. Көп жағдайда мұндай бұзақылар әйелдің әлсіздігін, құқық қорғау орындарының шарасыздығын біліп тек айыппұлмен құтылады”, – дейді Әсел Асқар.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты