Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақтың тойын індет те тоқтата алмай отыр

Келес ауданының полиция бөлімшесіне Абай ауылындағы жергілікті тұрғынның бірі өз үйінде 50-ге жуық туыстарын жинап, "қыз ұзату" тойын өткізіп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Қазақтың тойын індет те тоқтата алмай отыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полиция мобильдік топпен тез арада көрсетілген мекенжайға жетіп, тексеру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде той тоқтатылып, қожайындарға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша хаттама толтырылған. Ауданда осыған ұқсас тағы бір жайт Біртілек ауылында тіркелген. Онда жергілікті тұрғын карантин режиміне қарамастан өз үйіне 30-ға жуық адам жинап, "беташар" өткізген. Той иесіне қатысты заңға сәйкес әкімшілік шара қарастырылған. ​​​​​​​​Айта кетейік, карантиндік шаралар енгізілгеннен бері Келес ауданының полицейлері рейдтік және профилактикалық іс-шаралар барысында 93 құқықбұзушылықты анықтаған. Оның ішінде екі жайт үйлену тойы мен отбасылық жиындарды ұйымдастыру.

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат