USD
USD
USD

Қазақтың қыздары біздікі болады: Ресейлік пикапер Алекс Лесли Алматыға келе жатқанын айтты

Ресейлік блогер Алекс Лесли Қазақстанға кіруге тыйым салынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарып, өзінің Қазақстанға келе жатқанын хабарлады. 

Қазақтың қыздары біздікі болады: Ресейлік пикапер Алекс Лесли Алматыға келе жатқанын айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өзінің инстаграмдағы парақшасына Алматыға ұшып шыққанын айтып, видео жүктеді. 

«Маған тыйым салынғаны туралы айтылған ақпараттың барлығы жалған. Көріп тұрғандарыңыздай Алматыға жол тарттым. Қазір ұшақтың ішіндемін. Маған тыйым салынса ұшаққа міне алмас едім», - дейді Алекс Лесли инстаграмдағы видеосында. 

«Әйелдерің мен қыздарыңа ие болыңдар, 6 сағаттан кейін Алматыда боламын. Қазақтың қыздары біздікі», - деген жағымсыз пікір білдірген. 

Естеріңізде болса, Алматы полиция департаменті ресейлік пикапер Александр Кирилловқа Қазақстанға бір жылға кіруге тыйым салынғанын хабарлаған болатын. 

Ол Ресейде мобилизация болып жатқанда, біз Қазақстандағы келіншектерді аулауға барамыз деп пікір айтып, қазақтардың намысына тиген. 

Алекс Лесли лақап атымен танымал блогердің Алматыға келе жатқаны рас па, өтірік пе белгісіз. Блогер қазақтарды ашуландыру үшін өтірік хайп жасауы да мүмкін. 

Аталған ақпаратқа Алматы полиция департаменті түсінік берген жоқ. 

Қазір оқып жатыр

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев