Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақтың қамысын немістер сатып алып жатыр

Биыл Қызылорда облысынан тұңғыш рет Германияға қамыс экспортталды, деп хабарлайды zakon.kz LS басылымына сілтеме жасап.

Қазақтың қамысын немістер сатып алып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  «2020 жылы тұңғыш рет Германияға 122,1 тонна қамыс экспортталды. Немістер қамысты өріп, оны үй шатырларына жабынды ретінде пайдаланады», – делінген облыс әкімдіктің хабарламасында.

Жалпы, жыл басынан бері өңірден 13,9 млн доллардың 38,9 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталған. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 116,7 пайызға өсіпті.

«Экспортталған өнімнің ішінде балық, күріш, бидай кебегі және қамыс бар. Өнім Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Әзербайжан, Моңғолия, Тәжікстан, Украина, Түркіменстан, Өзбекстан, Грузия, Қытай, Польша, Германия, Литва және Иракқа экспортталады», – дейді әкімдік.

Еске салсақ, 2020 жылдың 1 маусымынан бастап Қазақстанның ауылшаруашылығы өнімдерінің экспортына салынған шектеулердің бәрі алынған болатын.

Қазір оқып жатыр

Шабуылдардан кейін Қазақстан мұнайы КҚК терминалы арқылы қайта жөнелтіле бастады

Қазақстан мұнайы

Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

сайлауалды науқан

Мемлекет басшысы Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI-2026 халықаралық олимпиадасын ашты

IOAI

«Ауылдағы интернет пен қазақстандықтарға арналған ЖИ»: «Әділет» партиясы неге өзін «цифрлы партия» деп көрсетеді

сұхбаттан үзінді