USD
USD
USD

«Қазақтың ұл-қыздары көшеде өлмесін»: Қаржаубай Нұрымов Тоқаевқа үндеу жолдады

16 жастағы Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, ұлының өліміне қатысты әділ сот талап етті.

Шерзат Болат
Фото: ғаламтордан

Алматы, Бұл үндеуді оның қарындасы Перизат Нұрымова көпшілікке жариялады.

«Құрметті президент мырза, Конституция кепілі ретінде сізден әділ сот сұраймын. Бауыр етім – інімді, одан кейін ұлымды жоғалттым. Бірақ әділетсіздікпен күресуден бас тартқан емеспін. Өз отбасымды, жақындарымды қорғауға тырыстым. Желтоқсан айында тек інімнің ісі әділ тергелуін талап еттім. Бұған дейін қызметінен кеткендер – ескі жүйенің қалдықтары. Сондықтан әділетті Қазақстанға сеніп, күресуді жалғастырдым. Сізден сұрайтыным – соттың әділ өтуі. Қазақтың ұл-қыздары көшеде өліп қала бермесін», деп жазылған Қаржаубай Нұрымовтың үндеуінде.

2023 жылдың қараша айында Алматы облысының Талғар ауданында жасөспірімдер арасындағы жанжалдан кейін 16 жастағы Шерзат Болат көз жұмды. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, көпшілік тергеудің әділ өтуін талап етті.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек