2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

«Қазақтың Робин Гуды» атанған блогердің соты кейінге шегерілді

Бүгін Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында алаяқтық ісі бойынша айыпталған блогер Ілияс Сариев пен оның серіктесі Ақтоты Дүйсееваға қатысты сот отырысы жалғасуы тиіс болған, деп хабарлайды NEGE тілшісі. 

Ілияс Сариев
Фото: NEGE

Алматы, NEGE. Сот хатшысының хабарлауынша, басты айыпталушы Ілияс Сариев ауырып қалған, сол себепті процесс кейінге шегерілді.

Өткен сот отырысында судья Ернар Қасымбековтің қаулысымен сот тергеуі қайта жанданатыны хабарланған еді. Бұған айыптау актісін зерделеу барысында қосымша сұрақтардың туындағаны себеп болған. Сонымен қатар, прокурордың айыптау актісінде жәбірленушілердің сотталушыларға ақша аударған уақыты нақты көрсетілмеген. Соған байланысты судья прокурорға жаңартылған айыптау актісін ұсынуды тапсырған.  

Бүгін Сариевпен бірге жұмыс істеген мобилографтар мен «MM Travel» туристік компаниясының менеджерлері куәгер ретінде сотқа шақырылған еді.

Естеріңізге сала кетейік, Ілияс Сариев пен Ақтоты Дүйсееваға ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі 4-тармағы «Аса ірі мөлшерде бірнеше рет жасалған алаяқтық» бойынша айып тағылып отыр. Іс бойынша барлығы 26 жәбірленуші бар. Сариевке 6 эпизод бойынша айып тағылса, Дүйсееваның үстінен 20 эпизод бойынша іс қозғалған. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына жиналған қаражатты арнайы комиссия бөледі

Бозымбаев

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Қаза тапқан әскерилер

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Көліктер