7 Желтоқсан 11:13
...

«Қазақтелеком» TV+ платформасының мобильді аудиториясын күрт арттырды  

Фото:

«Қазақтелеком» АҚ мен Salem social media компаниясы бірлесіп түсірген «Қара аула», «Қарға», «Шеше» және «1286» отандық сериалдары қаралымды көп жинап, 2023 жылы TV+ платформасының бестселлеріне айналды. Бұл 2021 жылдың көктемінде еліміздің ең ірі телекоммуникациялық операторына іске қосылған TV-өнімнің мобильді қосымшасын жүктеу санын едәуір арттырып, аудиторияны үш есеге арттыруға мүмкіндік берді.

«Қазақтелеком» АҚ мен Salem social media-ның алғашқы бірлескен жобасы – «Қара аула» криминалдық драмасының көрсетілімі биыл 25 мамырда TV+ платформасында көрсетіле бастаған еді. Сюжет желісінде «қылмыс әлемінде» жетістікке жетеміз» деп ойнап жүріп, от басқан жасөспірімдер  жасаған қателіктерінің салдарымен бетпе-бет кездеседі, күреседі. Дәл осы телехикаяны 4 желтоқсандағы есеп бойынша «Қазақтелеком» платформасының 157 мыңнан астам пайдаланушысы тамашалаған. Сол сияқты тамыз айында көрерменге жол тартқан балалар үйі тәрбиеленушісінің тағдыры туралы түсірілген «Қарға» драмасы да бей-жай қалдырмады. 31 тамыздан бүгінгі күнге дейін114,6 мыңнан астам қаралым болған.

«Қазан айының ортасында TV+ экрандарына қатерлі ісікке шалдыққан көп балалы ананың дертпен күресін баяндайтын «Шеше» туындысы шықты. Кәмелетке толмаған балаларына қайтыс болмай тұрып тез арада үй салуды мақсат еткен ананың тағдыры баяндалады. Бұл драмалық сериал бір жарым айда 50 мың қаралым жинаған. Ал «Қазақтелеком» АҚ мен Salem social media бірлесіп түсірген – «1286» телехикаясы құлдыққа түсіп қалған жас дәрігердің өмірін көрсетеді. Алғашқы сериясы 14 қарашада жариялағанмен, 41 мыңнан астам қаралым жинады. «Қазақтелеком» отандық контенттің көрермен сұранысына ие екенін ескеріп, болашақта санын көбейтуге ниетті», – деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.

«Біз екі жыл бұрын TV+ платформасын іске қосып, бастапқыда өз контентімізді жасау нарығына шығуды көздедік. Меніңше, биыл бұл тұрғыда жаңа бетбұрыс жасалды. Salem social media-мен бірлескен жобаларымыздың барлығы дерлік аудиторияның қызығушылығын дөп басып, тіпті күткендегі нәтижені толығымен ақтап, асып түсті. Біз осы жобалардағы басты кейіпкерлердің күрделі тағдырына және олардың тығырықты жағдайдан абыроймен шығуға көмектесетін мінез-құлқына баса назар аудардық. Сонымен қатар, сюжеттік желіні барынша шынайы өмірге жақындатуға тырыстық. Бұл комбинация ауқымды аудиторияны қызықтырды. Біз бұл бағытты келесі туындыларымызда жалғастырып, олардың санын көбейтеміз», – дейді елдің ең ірі телекоммуникациялық операторының басқарма басшысы.

Айта кетейік, отандық контентке деген сұраныстың артуы қазақстандықтардың TV+ мобильдік қосымшасын өз смартфондарына жүктеп алуына әкелді. Қолжетімді қосымша интернеттің арқасында жұмыста, іссапар немесе саяхатта, тіпті барлық жерде көруге мүмкіндік бар. Мәселен, «Қара аула» телехикаясы жарияланған 25 мамырдан бастап желтоқсан айының басына дейін мобильді қосымшаны жүктеу саны 325,9 мың, «Қарға» сериясы шыққан 31 тамыздан бастап – 208,8 мың, «Шеше» сериалы жол тартқан 11 қазаннан бері қосымшаны мобильді гаджеттерге 26,6 мың пайдаланушы жүктеген. Ал «1286» сериалын көрсету кезінде (14 қарашадан 4 желтоқсанға дейін) жүктеулер саны 13,8 мыңнан асты. TV+ платформасының алғашқы бір жарым жылында небәрі 660 мың адам жүктесе,  «телехикаялар жылы» атанған 2023-те бұл көрсеткіш үш есеге артты.

«Егер 2022 жылдың соңына қарай мобильді құрылғыларға біздің өнім 660 мыңнан астам көлемде жүктелген болса, биыл қазан айында IOS иелері TV+ қосымшасын мобильді құрылғыларына 550 мың рет жүктеді, ал Android иелері отандық платформаны 1,4 миллионнан астам рет жүктеді», – дейді «Қазақтелеком» АҚ бөлшек сауда бизнесі дивизионының бас директоры Игорь Погребицкий.

– Яғни, биыл мобильді қосымшаны жүктеудің жалпы саны 2 миллионнан асты, бұл өткен жылдың соңындағы көрсеткіштен үш есе көп. Біз мұны өз контентіміздің пайда болуымен байланыстырамыз. Өйткені TV+ - ге жаңа қазақстандық туындылар шыққан сайын, біз мобильді қосымшаны жүктеудің өскенін байқап отырмыз, – деді ол.

«Қазақтелеком» АҚ бөлшек бизнес дивизионы мобильді қосымшасына деген қызығушылықтың артқанын статистикадан айқын көруге болатынын мәлімдейді. 2022 жылдың ақпанынан желтоқсанына дейін айына орташа өсім 25,1 мың жүктеуді құраса, 2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында, яғни  өз контентін қосқанға дейін бұл көрсеткіш 10,2 мыңға дейін төмендеді. Алайда, мамырдан шілдеге дейін,  яғни «Қара аула» сериясы шыққанда айына 183,3 мың жүктеуге өсті. Ал қыркүйек пен қараша аралығында «Қазақтелеком» платформасының контенттік желісі тағы бірнеше отандық телехикаямен толығып, өзінің тарихи шарықтауына жетіп, айына 209,7 мың жүктеуге жетті. Нәтижесінде 2023 жылы қосымшаны жүктеудің орташа айлық саны 119,7 мыңды құрап отыр.

«Бұл тек бастамасы ғана, біз жаңа контенттің арқасында осы жоғары нәтижені сақтап қана қоймай, болашақта одан әрі жақсартуды жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті Игорь Погребицкий.

– Отандық контент есебінен өнімді пайдаланушылардың жалпы саны күрт артқанын атап өткім келеді. Егер 2022 жылдың қорытындысы бойынша жалпы аудиторияның өсімі 76 мың адам деңгейінде болса, биыл біз бұл көрсеткішті үш есеге жуық көбейттік, ал «Қара аула», «Қарға», «Шеше» және «1286» біздің платформаға 130 мыңнан астам жаңа ақылы жазылымдар берді. Сондықтан біздің өз контентімізді жасауға қатысты жаңа бағытымыз компания үшін де, қазақстандық көрермен үшін де бірдей нәтижелі деп санауға болады», – деп түйіндеді ол.

Тегтер: