«Қазақтелеком» TV+ платформасында «Ізгі ниетпен, алаяқ» сериалының тұсауы кесіледі
«Қазақтелекомның» TV+ платформасында 14 наурызда Salem Entertainment компаниясының Аружан Жазылбекова, Санжар Мәди және басқа да отандық ең танымал кино жұлдыздары түскен «Ізгі ниетпен, алаяқ» атты жаңа телехикаясы басталады.
Бұл қызықты жоба 2023 жылы басталған елдегі ең ірі телекоммуникациялық оператор мен отандық продюсерлік компанияның бірлесіп әзірлеген сәтті контентінің жалғасы болмақ.
«Қазақтелеком» АҚ және Salem social media компанияларының бірлескен өнімдерінің қатарындағы «Қара аула», «Қарға», «Шеше» және «1286» отандық телехикаялары 2023 жылы TV+ платформасының нағыз бестселлерлеріне айналды. Бұл туындылар жарық көргелі былтыр платформаны жүктеудің жалпы саны 3,7 есеге өсіп, қаңтардағы 376,4 мыңнан 2023 жылдың қорытындысы бойынша 1,4 миллион жүктеуге жетті. Сондай-ақ, ақылы TV+ жазылымдар он есеге артты.
Атап айтқанда, «Қазақтелеком» АҚ мен Salem social media бірлескен жобаларын тамашалау үшін қосылған платформа пайдаланушысының саны 2023 жылы 588 мыңға, ақылы жазылу 131,9 мыңға жетті. Бұл үрдіс биыл қаңтар-ақпан айларында жалғасып, 2024 жылдың алғашқы екі айында TV+ платформасын тағы 98 мың пайдаланушы жүктесе, жаңа ақылы жазылушылар саны 5,4 мыңға өсті.
Наурыздың басында Salem social media продюсерлік компаниясы ребрендингтен өтті. Бұдан былай қазақстандық контент жасау саласындағы «Қазақтелекомның» негізгі серіктесі Salem Entertainment деп аталады. Дегенмен, TV+ эфирінде Қазақтелекоммен бірлесіп әзірлеген жаңа қазақстандық кинотуындылар санын одан әрі арттыру жобасына бұл өзгеріс әсер ете қойған жоқ.
14 наурызда «Қазақтелеком» TV+ ағындық платформасының жазылушылары «Ізгі ниетпен, алаяқ» туындысымен таныса алады. Аружан Жазылбекова, Санжар Мәди, Мэрим Атантаева, Гүлнар Сильбаева, Алмагүл Қазихан-Сағындық, Олжас Әлжанов, Шәріп Серік, Гүлнар Дусматова сынды әйгілі жұлдыздар түскен телехикая нағыз атышулы туынды болайын деп тұр.
«Біз Salem-мен серіктестік арқылы бірегей контент жасауға бар күш-жігерімізді салып, тағдыр тәлкегіне тап болған сериал кейіпкерлерінің жан күйзелісінен көрсетуге тырыстық. Біз аудиторияның оң баға бергенін мақтан тұтамыз әрі сюжеттің шынайы өмірге барынша жақын болғаны көрерменді де бейжай қалдырмайтынын түсіндік. Біздің TV+ платформасы әр көрерменнің талғамын қанағаттандырып, оған жанр мен форматтардың кең спектрін ұсыну үшін жасалған. «Ізгі ниетпен, алаяқ» атты жаңа драмалық сериал жүректің түбіндегі сезімді оятып, кейіпкерлердің жан дүниесін ақтаратын туынды болатынына сенімдімін», – деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасы Қуанышбек Есекеев.
Айта кетейік, «Ізгі ниетпен, алаяқ» жобасы өзінің даму сатысын түбегейлі өзгерту арқылы жаңартылған Salem Entertainment үшін де 2024 жылғы маусымды ашқан туынды.
«Salem қоғамдағы өткір әлеуметтік тақырыптарды шебер ашып көрсететін қазақстандық телехикаялар өндірісі саласындағы көшбасшы орынға ие. Жобалардың ерекшелігі сол – елімізде болып жатқан құбылыстардың болмысын ашып көрсетудің нәтижесінде ТМД елдеріндегі көрермен назарын жаулап үлгерді. Біз жобаларымыздың сапасын одан әрі арттырып, әлемнің басқа елдерінен көрерменді көптеп тарту үшін қозғалатын тақырып ауқымын кеңейтуді көздеп отырмыз. Қазақстанның креативті қоғамдастығы үшін қолдау көрсету және TV+ сияқты индустрия қалыптастырушы платформалармен серіктестікте болу өте маңызды. 2023 жыл аймақтық контентке, атап айтқанда көп сериялы фильмдерге сұраныстың артып келе жатқанын айғақтады. Биыл TV+ көмегімен кино түсіруде ішкі нарық қана емес, көрші елдер аудиториясына да оннан астам жоба шығару жоспарда бар», – деді Salem продюсерлік орталығының басшысы Игорь Цай.
«Ізгі ниетпен, алаяқ» телехикаясының сюжеті атышулы алаяқ Тимурдың айналасында өрбиді. Оған Гаухар есіді қыз ғашық болады. Тимурмен бақытты өмір кешемін деп сенген Гахуар қарызға белшесінен батқан өтірікші Тимурдың арбауына көніп қалады. Нақсүйерін іздеп жүрген бойжеткен, өзі сияқты алданып қалған басқа қыздармен байланысқа шығады. Аңқау қыздар бас қосып, өз қаржысын қайтару жолында алаяқтан кек алу үшін ұйымдасқан топ құрып, жоспар түзеді.
«Ізгі ниетпен, алаяқ» сериалын түсіру кезінде адами қарым-қатынас пен қыз-келіншектер арасындағы адал достықты зерттеуге тура келді. Сюжет арқылы біз көрермендерге шынайы сезімнің құндылығын жеткізгіміз келді», – деп атап өтті картина режиссері Аян Найзабеков.
Еліміздің ірі телеком-операторы өз платформасын дамытып, жұмысын отандық сериалдарды дәріптеуге бағыттады. Өйткені жаңа телехикаялар мен жоғары сапалы контенттің арқасында TV+ былтыр түрлі рейтингте көшбасшы болып, ал қосымшаны жүктеу саны биыл наурызға дейін 1,5 млн көрсеткішке жетті.