9 Ақпан 20:22

«Қазақтелеком» былтырғы атқарған жұмысын қорытындылады

Телеком-оператор
Фото: Nege.kz

Еліміздің ірі телеком-операторы 2023 жылы атқарған жұмысын қорытындылады.

 «Қазақтелеком» басшылығы өткен жыл компания үшін оңай жыл болмағанымен, телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған стратегиялық маңызды жобаларды іске асыру тұрғысынан нәтижелі кезең болғанын атап өтті.

Республиканың телеком-нарығының жетекші ойыншысы саналатын «Қазақтелеком» АҚ топ-менеджменті өз желісін салып, ұлғайтып, жаңғыртуға кеткен күрделі шығындарының айтарлықтай өсуімен қатар, компаниядағы өтімділіктің қолайлы деңгейде сақталуы — өткен жылдың ең маңызды жетістіктерінің бірі болды деп есептейді. «Қазақтелеком» басшылығының бағалауы бойынша, қаржылық деректерге аудит жүргізу кезінде 2023 жылғы түсім жоспарланған «дәліз» шегінде қалыптасқан. Бұған 2023 жылдың 9 айындағы аралық деректер дәлел. Оның қорытындысына сүйенсек, «Қазақтелеком» компаниялар тобының кірісі 2022 жылдың үш тоқсанындағы осыған ұқсас көрсеткішке қарағанда 6%-ға өсіп, 504 млрд теңгені құрады. Бесінші буын стандарты желісін өрістету, Каспий түбі бойынша талшықты-оптикалық байланыс желісін салу жобасымен жұмыс істеу, клиенттерді ескірген ADSL технологиясынан GPON «оптикасына» көшіру сияқты және тағы басқа бірқатар ірі жобаларды іске асыруға байланысты шығындардың өсуіне қарамастан, EBITDA көрсеткіші өткен жылдың 9 айында 235 млрд теңгеге жетіп, таза пайда — 89 млрд теңгені құрады.

Телеком-оператор
Nege.kz

«Өткен жыл компания үшін шынымен де нәтижелі, әрі оқиғаларға толы болды. Атап айтқанда, біз елдік маңызы бар стратегиялық жобаларды іске асыруға білек сыбанып кірісіп кеттік, бұл — 5G желісін ашу және Транскаспий ТОБЖ құрылысына соңғы дайындық жұмыстары.

 Былтыр жыл соңында ел Президенті «Қазақтелеком» компаниялар тобына 2025 жыл аяқталғанша 5G желісін жедел енгізу мүмкіндігін зерделеуді тапсырғаны белгілі. Біз елімізде биыл 2,7 мыңнан астам станцияны және келесі жылы 3,2 мыңға жуық станцияны орнатып, бесінші буын стандартының 7 мыңнан астам базалық станциясын салуды көздейтін тиісті жоспар әзірледік.

Қазіргі уақытта компания ТМД кеңістігінде алғашқы және әзірге жалғыз болып 5G технологиясын өнеркәсіптік пайдалануға енгізді. Барлық облыс орталықтарында осы стандартты қолдайтын мыңға жуық базалық станциялар орнатылып, желіге қосылған», — деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасы Қуанышбек Есекеев.

Телеком-оператор
Nege.kz

Тек Қазақстан ғана емес, бүкіл Каспий өңірі үшін маңызы зор Транскаспий су асты магистралін салуды қарастыратын бірегей жобаға келетін болсақ, былтыр Қазақтелеком компаниясы «Azertelecom Int» компаниясымен тең негізде жобаны іске асыратын CASPINET B.V. кәсіпорнын құрды, сондай-ақ Каспий теңізінің тереңін бойлай төселетін желі құрылысының «жол картасы» мақұлданды.

 Компания өкілдері бұл талшықты-оптикалық желіні салу Қазақстанның телекоммуникациялық қауіпсіздігі мен ақпараттық тәуелсіздігін едәуір арттырып, Франкфурт-Гонконг бағыты бойынша Еуропа мен Азия арасындағы байланыс арналарының транзиттік қуатын күшейтуге, сондай-ақ интернет-трафик алмасудың халықаралық нүктелеріне қосылуды әртараптандыруға мүмкіндік береді деп сенеді.

Сонымен қатар, бұл желіні іске қосу Қазақстанды бүкіл Орталық Азиядағы цифрлық нарықты қалыптастыру процесіне әсер ететін өңірлік телекоммуникациялық хабқа айналдырмақ.

телеком-оператор
Nege.kz

«Біз бұл жобаның ойдағыдай іске асуына барынша мән береміз, өйткені оның тұтастай алғанда ел үшін маңызды екенін жақсы түсінеміз.

Болашақта «Еуропа-Азия» қосымша халықаралық транзиттік арнасының пайда болуы Қазақстанда осы өңірдегі елдердің экономикаларын цифрландыруға септігін тигізетін ірі халықаралық телекоммуникациялық хаб құруға мүмкіндік береді деп санаймын.

Бұдан басқа, ол жаңа цифрлық телекоммуникациялық дәліз құруды жеделдету үшін драйвер болады, әрі елімізге жоғары жылдамдықты және қорғалған деректер беру инфрақұрылымын одан әрі дамытып, жаңа транзиттік магистральдар немесе дата-орталықтар желісін құруға жол береді, осылайша бұл жобаға салынған инвестициялар компания мен Қазақстан үшін алдағы уақытта көп мүмкіндіктер ашады. Бесінші буын желісі мен қазақстандықтарды  оптикаға» көшіруге салып жатқан инвестицияларымыз қомақты: атап айтқандай, «Қазақтелеком» компаниялар тобы өткен жылдың 9 айында ғана желіні дамытып, жаңғырту, 5G салу және өзге де инвестициялық бағдарламаны іске асыруға 342 млрд теңге бөлді, бұл түсімнің 68%-ы», — дейді «Қазақтелеком» АҚ Бас қаржы директоры Людмила Атамұратова.

Телеком-оператор
Nege.kz

Айта кетейік, биыл жобаларды іске асырумен қатар, компания ескірген мыс желісінен 60 мыңнан астам абонентті заманауи оптикалық желіге ауыстыруды жоспарлап отыр, 50 мың клиенттің модемдері техникалық сипаттамасы жоғары жетілдірілген жабдыққа ауыстырылады. Бұдан басқа, телеком-оператор өзінің инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін арттыру есебінен ауыл мен аудандарды, оның ішінде шалғайдағы елді мекендерді интернетке қосуды жалғастырмақ. Мұнымен қоса, биыл «Қазақтелеком» өз сервисі, қызметі мен өнім сапасын жетілдіруді жалғастырады (2023 жылы осы бағдарламаның барлық көрсеткіштері — қосылудың 90 пайызы 24 сағат ішінде, зақымдануды 95 пайызы 12 сағат ішінде қалпына келтіріліп, клиенттердің барлық проблемаларын бірден шешу көлемі 90%-ға жетті). Осындай өнімдердің бірі — TV+ телевизиялық платформасы былтыр өз аудиториясын екі есеге арттырып, қосылу нүктесінің санын 548 мыңға жеткізіпа, қазақстандық IPTV сегментінің ең танымал платформасына айналды.

Телеком-оператор
Nege.kz

Осы мақсаттың барлығына қол жеткізу үшін «Қазақтелеком» компаниялар тобы Big Data — үлкен деректер сегментіндегі өз әзірлемелерін пайдалана отырып, ішкі бизнес-процестерді цифрландыруды жалғастырады.

Тағы бір жаңалық, биыл еліміздің ірі телеком-операторы жасанды интеллектті пайдалану саласындағы әзірлемелермен айналысатын жаңа бөлімше құруға ниетті. Бөлімше компанияның өзінде де, жақын арада жасанды интеллектті пайдалануға мүдделі клиенттерге де тиісті құралдар мен өнімдерді енгізуді көздейді. Сондай-ақ, «Қазақтелеком» өз желісінде шетелдік трафикті оқшаулау жұмысын жалғастыра бермек, бұл елдегі интернеттің сапасын арттыруы тиіс.

Мұның бәрі Қазақстанның ірі телеком-ойыншысына клиенттердің адалдығын қамтамасыз етуге және өзінің нарықтағы рөлін нығайтуға мүмкіндік береді. Компания қызметінің 2023 жылғы қаржылық-экономикалық нәтижелеріне келетін болсақ, құжат Қазақстан қор биржасының порталында аудиттелген есептілік жария болған соң көпшілік назарына ұсынылмақ.