15 Мамыр 15:39
...

«Қазақтелеком» Алматыда 13 000 пәтер мен үйді «оптикаға» қосады

Байланыс
Фото: Фото: «Қазақтелеком» АҚ коммуникациялар департаменті

Еліміздің ірі телеком-операторы республиканың қалаларында оптикалық желіні қарқынды дамытуды жалғастыруда. Мәселен, «Қазақтелеком» Алматыда мегаполистің 4 000 нысанын FTTH технологиясы бойынша жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ауқымды жобаны аяқтады. 

Айта кетейік, FTTH технологиясы бойынша талшықты-оптикалық желі тікелей абонентке жеткізіледі. Аталған технология желінің жоғары сенімділігін қамтамасыз етеді және интернетке қосылу жылдамдығы секундына 500 Мбит-ке жетеді. Тұтынушыға ұсынылатын қызметтердің ауқымы кең. Мәселен IP-телефония, цифрлық және аналогтық теледидарды қосымша жабдық қоспай-ақ көруге, файл тасымалдаушы сервистермен жұмыс істеуге болады.

Байланыс
Ж.Майкенов. Фото: «Қазақтелеком» АҚ коммуникациялар департаменті

«Алматы қаласында оптикалық желі құрылыс жобасы өткен жылы басталды. Нәтижесінде біз талшықты-оптикалық байланыс желісіне 152 көппәтерлі және 4060 жеке тұрғын үйді қостық, бұл – шамамен 13 мың ғимарат. Ұқсас жоба Астана қаласында да жүзеге асырылуда. Онда 56 тұрғын үй кешенінің 16 мың пәтер иелеріне телекоммуникация қызметтерін ұсынуды жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті Қазақтелеком АҚ жобаларды басқару Дирекциясының инфрақұрылым құрылысы жөніндегі директоры Жалғас Майкенов.

Балауса Төлеубекова екі апта бұрын телеком-оператордың қызметтерін қосты. Қазір оның отбасы – балалары, ата-анасы мен жиендері бір уақытта бірнеше құрылғыдан желіге қосыла алады. Балаусаның айтуынша, ең жоғары жүктеме және кешкі уақытта интернет жылдамдығы тұрақты әрі жоғары болып қала береді.

Байланыс
Фото: «Қазақтелеком» АҚ коммуникациялар департаменті

«Алматыға көшіп келгеннен кейін онлайн саудамен айналыса бастадым. Әлеуметтік желіде өзімнің парақшаларымды дамытып жатырмын. Егер бұрын тек тауардың фото суретін жүктеумен шектелсем, қазір шағын бейне роликтер жариялаймын. Аз ғана уақыт ішінде менің оқырмандарымның саны өсіп, онлайн дүкенімнің саудасы ілгеріледі. Компания қызметкерлеріне мен үшін тиімді тарифтік жоспар таңдауға көмектескендері және қызметтерді тез арада қосып бергендері, сапалы байланыс қызметтері үшін шексіз алғысымды білдіремін», – дейді Алматы қаласының тұрғыны Балауса Төлеубекова.

Қазір компания мамандарымен жұмыстар жалғасуда және «Қазақтелеком» GPON желісіне 100 мыңнан астам пәтерді қосуды, 90 мыңнан аса абонентті ескі мыс желіден заманауи оптикалық желіге ауыстыруды, сонымен қатар республика бойынша 5G желісінің 1000 жуық базалық станциясын «оптикаға» қосуды жоспарлап отыр.