USD
USD
USD

«Қазақтелеком» АҚ филиалының лауазымды тұлғалары өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі заңсыз сатып алынған активтерді қайтару бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. 

Қазақтелеком
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қабылданған шаралар мен тетіктер кешені қойылған міндеттерді тиімді іске асыруға және заңдылықтың бұзылуына уақтылы ден қоюға мүмкіндік береді. Мәселен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Жамбыл облысы бойынша департаменті ұлттық компанияның жылжымайтын мүлік портфелін басқаруға жауапты бөлімше «Қазақтелеком» АҚ филиалы – сервистік фабрикасының лауазымды тұлғаларына қатысты өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде.

Филиалдың бас директоры мен бірқатар қызметкерлері мемлекет мүддесіне қайшы және кәсіпкер үшін пайда табу мақсатында оған Тараз қаласындағы Қоғамның әкімшілік ғимаратын көрінеу төмен бағамен сатқан деген күдікке ілінді. Олардың заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке 450 млн теңгегеден астам сомаға материалдық залал келтірілді. Келтірілген зиянды өтеу жөніндегі қамтамасыз ету шаралары ретінде жоғарыда аталған нысанға тыйым салынды. Соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. 

Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Астанада тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шықты

Өрт

Тоқаев Нұрбекке жоғары білім сапасын арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді

Нұрбек, Тоқаев

Ұлытау облысында оңалту орталығы аутизмі бар баланы қабылдаудан бас тартқан

оңалту орталығы

Сенатор зейнетке жасқа емес, еңбек өтіліне қарай шығаруды ұсынды

Зейнеткер