USD
USD
USD

«Қазақтелеком» 8 мың кеңсе қызметкерінің 5 мыңын қысқартпақ

«Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин алдағы екі-үш жыл ішінде елдегі ең ірі телеком-оператор кеңсе қызметкерлерін айтарлықтай қысқартатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, 8 мың кеңсе қызметкерінің 5 мыңы қысқартылып, олардың жұмысын жасанды интеллект атқармақ.

Қазақтелеком
Фото: azattyq-ruhy.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Бағдат Мусин NEF 2026 форумында сөйлеген сөзінде айтты.

«Бүгінде "Қазақтелекомда" қолмен жұмыс істейтін 8 мың қызметкер және кеңседе жұмыс істейтін 8 мың қызметкер бар. Кеңседегі сол 8 мың адам қысқарады. Олардың саны айтарлықтай азаяды. Мен мұны бәріне, тіпті Президентке дейін айтып қойдым: екі-үш жыл ішінде 8 мыңның орнына 3 мың адам ғана қалады. Біз, ІТ мамандары, кеңсе жұмысын қалай алмастыру керегін білеміз. Ол үшін қазір жасанды интеллект негізіндегі шешімдер енгізіледі», – деді Мусин.

Компания басшысының сөзінше, жұмысын жасанды интеллект алмастыра алмайтын кабельші сияқты 8 мың техникалық маман толық өз жұмысын жалғастыра береді. Өйткені робот әзірге «кәріз құдығына түсіп, оптиканы дәнекерлеу жұмысын жүргізе алмайды».

Сондай-ақ ол болашақта қол еңбегімен айналысатын мамандарға сұраныс артып, олар миллонер атануы мүмкін екенін болжады.

«Бұрын бізді "жақсы оқымасаң, сантехник, жол жөндеуші боласың" деп қорқытатын. Солай болғаны рас қой? Ал қазір бұл мүлде өзгерді: қолмен жұмыс істейтін адамдардың миллионер атануға көбірек негізі бар. Неге? Өйткені дәл сол адамдар жұмысты ұйымдастыра алады. Жұмытың қыр-сырын білмейтін адам басшы бола алмайды. Нағыз көшбасшылар осы 20-30 жұмысшыдан құралған бригадирлердің арасынан шығады. Сол бригадирлер миллионер болады», – дейді Бағдат Мусин.

Себебі, оның пікірінше, жақын болашақта адам еңбегіне қатысты әділдік орнайды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда 27 ретсіз сауда ошағы жойылды

Ретсіз сауда

Әл-Фарабидегі апат: қаза болған қыздың әкесі Александр Пакке кешірм бермейтінін мәлімдеді

жол апаты

Қазақстанда 20 маусымда жоғары оқу орындарына құжат қабылдау басталады

жоо-ға құжат қабылдау

Блогер Жанабыловтардан тәркіленген көліктер саудаға шығарылды

Көлік