USD
USD
USD

Наполеонды Мәскеуден қазақтар қуып шыққаны рас па?

Наполеонға бір жолы көріпкел кезігіп, өзін не күтіп тұрғанын сұраған екен. Көріпкел ай-шай жоқ: «Сенің түбіңе жылқы етін жейтіндер жетеді» депті төбесінен жай түскендей етіп. Наполеон болса «Не болса соны айтады екенсің» деп күліп, кекетіп жүріп кетіпті деседі. Ал күндердің күнінде Наполеон Ресейге жорыққа шыққанда шынымен-ақ жылқы етін жейтіндердің шабуылынан жүрегі шайлығып, келген ізімен кері қашатыны жайлы әңгіме көп. Оның әскерін Мәскеуден қуып шыққан қазақ, башқұрт жауынгерлері деп жатады. Сол рас болса керек. 

Қазақ-башқұр әскері
Фото: NEGE

Қазақтардан жасақталған құрылымдардың жауынгерлік өнері мен батырлығы туралы деректерді орыс патшалығы қанша бүркемелеп келгенімен, француздардың мұрағаттарында көп мәлімет сақталыпты. Қазақтар мылтығымен бірге садағын да алып жүреді екен. Француздар қазақты жаужүрек, мерген, алыстан атқан жебесі тура көзге немесе кеңірдекке дәл қадалады, жебесінің күші соншалық, аттың денесін тесіп өтеді, зеңбірекке қарсы тұтқиылдан шабуылдайды, Парижге алғаш кіріп барғандардың ішінде қазақтар бар деп жазады.

3-ші тамыз күні қазақстандық Check-point.kz деген ақпараттық портал «Олар Парижді алды. Наполеонды жеңген қазақтар» деген мақала жариялады. Мақаланың орыс тілінде жарияланғанын ескерсек, оны Ресей мен Еуропа елдерінде де оқитыны сөзсіз.

Қазір оқып жатыр

Роман Скляр Бүкілқытайлық жиналыс комитетінің төрағасымен кездесті

.

Ерболат Досаев қызметінен босатылды

Ерболат Досаев

Каспий жағалауынан өлі аққулар табылды

.

КҚК Қазақстан мұнайын тасымалдаудың басым бағыты болып қала береді

КҚК