USD
USD
USD

Қазақтарды маймылға теңеген «ақ адам» кешірім сұрады

Украиналық блогерлермен пікірсайыс кезінде «орыс жерінде» отырған қостанайлық «ақ адам» Кирил Александрович Божко «қазақ тілін – маймылдардың тілі, қазақтар – маймылдар» деп атады. Кеше қазақтарды жек көретінін, онысын әр қазақтың бетіне тура айта алатын «батыр» бүгін қазақ халқынан мөлиіп кешірім сұрап отыр.

Қазақтарды маймылға теңеген «ақ адам» кешірім сұрады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстанды орыс жері санайтын бұл адамның тегі орыс емес те екен. Мұның алдында ол украина блогерінің «Өз басым қазақ халқын құрметтеймін. Сен кімсің өзің? Басқа халықтар туралы олай деуге болмайды, тым артық кеткен жоқсың ба? Ертең сүмірейіп кешірім сұрап тұрасың ғой» деп ескерткен. Бұған ол «ешқашан кешірім сұрамаймын» деп жауап берген еді.

«Ақ адам»  бұл қылықтарын сол кезде мас болғанына сілтеп, ақталып отыр. Сөзіне қарағанда, оның ешкімді ренжіткісі келмепті. «Бұл үшін жаза тартуға да дайынмын», – деді Божко. Заң бойынша, бұл адам ұлт араздығын қоздырғаны үшін қатаң жазаға тартылуға әбден лайықты.

Қазір оқып жатыр

NEGE-нің атын жамылған жалған Telegram-арна пайда болды: редакцияның ресми мәлімдемесі

Nege

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті