USD
USD
USD

Қазақтардан Кенесарының өлімі үшін кешірім сұраған қырғыз әншісіне айыппұл салынды

Қырғыз әншісі Қайрат Пірімбердиевке қазақтардан Кенесары ханның өлімі үшін кешірім сұрағаны үшін 100 мың сом айыппұл салынды.

Қайрат Примбердиев
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Әнші Facebook парақшасында бүгін сот оның үстінен Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің «Нәсілдік, ұлттық, діни немесе аймақаралық араздықты қоздыру» бабы бойынша 100 мың сом (шамамен 588 516 теңге) айыппұл салғанын мәлімдеді.

Қырғызстанның арнайы қызметі әнші Қайрат Пірімбердиевті қамауға алған болатын. Оның үстінен «Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің «Нәсілдік, ұлттық, діни немесе аймақаралық араздықты қоздыру» бабы бойынша іс қозғалды. 

Еске салайық, 2025 жылдың қаңтар айының басында қазақстандық «Айран Медиа» жобасы қырғыз-қазақ қарым-қатынасына арнайы шығарылым арнаған болатын. Бағдарламада қырғызстандық әнші Қайрат Пірімбердиев сұхбат берген еді. Ол бағдарлама барысында қырғыздың Ормон ханы қазақтың ханы Кенесарының басын алғаны үшін қазақтардан өз атынан кешірім сұрады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер