Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақтар шоколад көп жей ме?

Елімізде жыл басынан бері 83, 8 тонна шоколад өндірілді.

Қазақтар шоколад көп жей ме?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2020 жылдың қаңтар-қазан айларында елімізде 92,4 мың тонна печенье және басқа да ұзақ мерзім сақталатын кондитерлік өнімдер өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8% артық. Сонымен қатар шоколад және одан жасалған кондитерлік өнімдер өндірісі бір жыл ішінде 3,2% өсіп, 83,8 мың тоннаға жетті, деп хабарлады energyprom.kz. Үш тоқсанның қорытындысы бойынша өнідірілген өнімнің 94,3%-і тек үш облыстың үлесіне тиесілі: Алматы, Қостанай облысы және Алматы облысы. 8 айдың қорытындысы бойынша жергілікті кондитерлік компаниялар шоколад пен одан жасалған кондитерлік өнімдерге деген сұранысты 50,4% қамтамасыз етті. Импорттың үлесі 49,6% құрады. Елге 63,6 мың тонна шоколад пен кондитерлік өнімдер импортталды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,1% артық. Экспортқа 25,3 мың тонна шоколад және шоколадты кондитерлік өнімдер жіберілді. 2020 жылдың қазан айында еліміздің дүкендерінде шоколад қосылмаған кәмпиттердің бір келісі 1,2 мың теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8% қымбат. Жеміс-жидектер карамелінің бағасы (бір жылда 6,5%, бір келісі үшін 757,5 теңгеге дейін), пряниктің бағасы (8,4%, бір келі үшін 649,4 теңгеге дейін) және печеньенің (9,7%, бір келісі үшін 657,8 теңгеге дейін) қымбаттады. 

Қазір оқып жатыр

Инклюзия: мүмкіндік тең болған жерде қоғам да өзгереді

«Ауыл» партиясы

Шымкентте Нұрайдың өліміне кінәлі деп танылған Шерхан Аймаханға үкім шықты

Шерхан мен Нұрай

Таиланд әуежайында жүкті иесіне ескертпей ашатын өзгеріс енгізілмек

Таиланд

«Сайлау-2026»: сарапшылар сайлаушылар белсенділігі мен теледебаттардың рөлін бағалады

kisi.kz