USD
USD
USD

Қазақтар Францияда «Әлем» атты қауымдастық құрды

Париж қаласында өтіп жатқан «Еуропа қазақтарының кездесу-құрылтайында» қазақтардың «Әлем» атты жаңа қауымдастығы құрылды.

Қазақтар Францияда «Әлем» атты қауымдастық құрды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қауымдастықтың ашылу салтанатына ҚР Франциядағы төтенше және өкілетті елшісі Жан Галиев пен «Отандастар Қоры» КеАҚ Президенті Абзал Сапарбекұлы қатысып, алдағы жоспарларына сәттілік тіледі.

Қауымдастықтың мақсаты – қазақтың ұлттық құндылықтарын дәріптеп, атамекен Қазақстанмен байланыстарды нығайту.

Өткізіліп жатқан шараға «Әлем» қауымдастығының төрайымы Имашева Зульфат Гильзакри мен вице-президенті Майра Скакова қатысты.

Қауымдастық басшысы З. Имашова шетелге кетіп, есімдері ұмытылған қазақ жұлдыздарын халыққа таныту мен қайтадан жаңғырту – қауымдастықтың басым бағыттарының бірі болатындығын айтты.

Қазір оқып жатыр

Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек

Трамп

«Министрдің құпиясына хатшысы арқылы қол жеткізу оңай»: Олжас Сәтиев кибертыңшылық туралы

Decaf

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.

Іскерлік кеңес: Шаруалардың жай-күйі «Әділет» партиясының назарында

.