USD
USD
USD

Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы өмірден озды

Атақты баскетболшы Әлжан Жармұхамедов бүгін, 3 желтоқсанда бақилық болды. Ол 78 жасында дүние салды

Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы өмірден озды
Фото: NEGE.kz

, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы, NEGE. Әлжан Жармұхамедов – қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы. Тоғыз дүркін КСРО чемпионы (1970-1978 жж, 1980 ж.), КСРО құрамасының сапында үш мәрте Еуропа чемпионы (1967, 1971, 1979 жж.). 1972 жылы Олимпиада чемпионы атанды. 1979 жылы "КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері" атағына ие болды. Қос саусағы мен көру қабілетінің кемшіндігіне қарамастан, Әлжан КСРО-ны қоса алғанда, кәрі құрлықтың талай додасында топ жарған-ды. Ұзынтұра қазақтың шеберлігіне тәнті болмағандар кем де кем. Әлемге әйгілі жаттықтырушы Александр Гомельскийдің өзі Әлжанды "құрығына түсіру үшін" сан түрлі әдіс қолданған. Ақыр аяғында спортшыны Мәскеуге "конвоймен" алдыртуға мәжбүр болыпты.

Әлжан Жармұхамбедов Табақсай аулы, Бостандық ауданы (сол кездегі саясат кесірінен Қазақстанның Өзбекстанға берген ауданы) 2- қазан 1944-жылы туған. Әкесі - Жармұхамедов Мүсірбек, шешесі – Прасковья Жеронкина-Жармұхамедова, әйелі – Лариса Жармұхамедова. Балалары Владислав (1969ж. туған) пен Сергей (1976ж. туған), Мәскеу қаласында тұрады.

Қазір оқып жатыр

Жетісу облысындағы алғашқы жаңа форматтағы кітапхана Сарыөзекте ашылды

.

Шарджада екі қазақ қызы қаза тапты: СІМ ресми мәлімдеме жасады

.

Қазақстанда автонесиеге сұраныс 20%-ға артқан

автонесие

«Украина достық қарым-қатынасты жоғары бағалайды»: Зеленский Тоқаевқа алғысын білдірді

алғыс білдірді