USD
USD
USD

Қазақстанның солтүстігінде үсік жүреді

«Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның 10 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Қазақстанның солтүстігінде үсік жүреді
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. Кәсіпорынның болжамына қарағанда 11 мамырда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. 11-12 мамырда кей жерлерде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде күші кей жерлерде 15-20 м/с болады. Ақтауда түнде солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15 м/с болады. Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, кей жерлерде күші 15-20 м/с-қа жетеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жауады.

Жел оңтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғып, күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді. Түркістан облысының тауларында найзағай ойнайды. Кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болады. Қызылорда облысында күндіз солтүстік-батыстан жел соғып, күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді. Қостанай облысының кей жерлеріне тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді. 11-12 мамырда Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады.

11-13 мамырда кей жерлерде тұман түседі. 11-13 мамырда кей жерлерде солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с, 12-13 мамырда екпіні 25 м/с болады. Тараз қаласында 12 мамырда кей уақытта найзағай ойнап, бұршақ жауады. 11-13 мамырда кей уақытта тұман түседі. Күндіз 12, тәулік бойы 13 мамырда солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с болады. 11 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде 1 градус үсік күтіледі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy