12 Тамыз 09:13
...

Қазақстанның жеті облысында дауылды ескерту жарияланды

Фото:

Қазақстанның жеті облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгиромет» РМК баспасөз қызметінен.

Алматы, NEGE. «12 тамызда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және ьаңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі», -делінген хабарламада.

12 тамызда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ: күндіз 12 тамызда найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

«Күндіз 12 тамызда Батыс Қазақстан облысында 37 градус қатты ыстық күтіледі. Орал қ.: күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі», - делінген хабарда.

12 тамызда Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Түркістан қ.: 12 тамызда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15- 20 м/с.

«12 тамызда Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 12 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады», - деп хабарлады «Қазгидромет».

12 тамызда күндіз Абай облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 15-20 м/с. Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі күтіледі. Семей қ.: 12 тамызда найзағай күтіледі.

«12 тамызда күндіз Ақтөбе облысының шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік жартысында 35-36 градус қатты ыстық күтіледі», - деп ескертті синоптиктер.

Тегтер: