2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Қазақстанның жерлері қытайлық сайттарда сатылады - Фейк

Әлеуметтік желіде Қазақстанның ауыл шаруашылығы жерлері сатылып жатыр деген ақпарат тарады. 

Қазақстанның жерлері қытайлық сайттарда сатылады - Фейк
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Facebook-те Қытайдың интернет-алаңдарында қазақстандық ауыл шаруашылығы алқаптары ашық сатылып жатқаны туралы ақпарат жарияланды. Оны Ауыл шаруашылығы министрлігі жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Stopfake.kz сайтына АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов желіде таралған қазақстандық жерлердің сатылуы туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты.

«Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 24-бабының талаптарына сәйкес, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары, халықаралық ұйымдар, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтар, сондай-ақ қандастар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншік немесе жер пайдалану құқығымен иелене алмайды, яғни ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн шетелдіктерге беруге қатаң тыйым салынған. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некеде тұрған (ерлі-зайыпты) Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке және жер пайдалану құқығымен беруге жол берілмейді.

Әлеуметтік желіде жарияланған Қытай елінің сайтындағы Қазақстан аумағындағы жерлердің сатылатындығы туралы ақпарат жалған екендігін мәлімдейміз», – деп жазды ол өзінің Facebook парақшасында.

Қазір оқып жатыр

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Көліктер

Қазақстан құрамасының тағы бір көшбасшысы Ұлттар лигасындағы матчтарға қатыспайтын болды

Максим Самородов

Қарағандыдағы Бөкетов университетінің үш студентінен туберкулез анықталды

Бөкетов ұлттық университеті

Қытай халқы қазақ халқына ешқашан ешқандай зиян келтірген жоқ – Тоқаев

«Қазақстан-Қытай» инвестициялық форумы