USD
USD
USD

Қазақстанның вакцинация паспорты қай елдерге жарамды?

Қазақстанның вакцинация паспорты қай елдерге жарамды? Бұл сауалға ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жауап берді.

Қазақстанның вакцинация паспорты қай елдерге жарамды?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазіргі уақытта үш ел вакцинация паспортын екіжақты форматта мойындау туралы ниет білдірді. Яғни, Моңғолия, Венгрия және Таиланд паспорттарды өзара мойындау туралы өтінішпен жүгінді. Бүгінде олармен жұмыс істеп жатырмыз. Бұған қоса, Түркия, Кипр сынды елдер барлық елдің вакцинация паспортын мойындайды», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Оның атап өтуінше, еліміздің Сыртқы істер министрлігі шет мемлекеттермен вакцинация паспортын өзара мойындау мәселесін пысықтап жатыр.

«Бірақ, бұған қатты арқа сүйеудің қажеті жоқ. Өйткені, іс жүзінде кез келген елге қолыңда ПТР-тест нәтижесі болса бара аласың. Сіз елге емін-еркін кіре аласыз. Сондықтан бұл жерде ешқандай проблема болмауы тиіс», - деді Алексей Цой.

Қазір оқып жатыр

Павлодар қаласында ЖЭО аумағында өрт шықты

Оқиға орны

Сот Жамбыл облысының экс-әкімі Кәрім Көкірекбаевты жазадан босату туралы қаулының күшін жойды

Кәрім Көкірекбаев

Қостанай облысында ер адамға қасқыр тап берді

Қасқыр

Қазақстанда жаңа Азаматтық кодекс әзірленіп жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев, Айбек Дәдебай