USD
USD
USD

Қазақстанның үздік боксшысы Головкинді озып, WBC рейтингінде көш бастады

BoxRec.com нұсқасы бойынша еліміздің ең үздік боксшысы саналатын орта салмақтағы Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО) Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) рейтингінде көш бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстанның үздік боксшысы Головкинді озып, WBC рейтингінде көш бастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мейірім орта салмақтағы WBC рейтингінде екінші орыннан бірінші орынға көтеріліп, танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді көш басынан ығыстырды. GGG рейтингтен шығып қалды.

Естеріңізге сала кетейік, Мейірім Нұрсұлтанов келесі жекпе-жегін 17 қарашада Ташкенттегі Дүниежүзілік бокс кеңесінің конвенциясы аясында өткізеді. Оның қарсыласы чилилік Хулио Аламос (16-1, 9 КО) болады, ал жекпе-жек WBC іріктеу турнирі мәртебесіне ие.

Нұрсұлтанов кәсіпқой рингте 19 жекпе-жек өткізіп, 19 жеңіске жеткен. Оның 11-і мерзімінен бұрын аяқталды. Ал қарсыласы Хулио Аламос 18 жекпе-жек өткізіп, 17 жеңіске жеткен.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан Қырғызстанға мұнай транзитін бастады

мұнай

Qarmet-тің жаңа нысандары нақты келбетке ие бола бастады

Qarmet

Павлодарда Президенттің ел болашағына қатысты кітабы сөз болды

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»

ҰҚК тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталған өзбекстандық профессорға қатысты пікір білдірді

Икболжон Корабоев