USD
USD
USD

Қазақстанның үш облысында жол ашылып, көлік қозғалысы қайта жанданды

Күн жылынып, ауа райының тұрақталуына байланысты бірқатар облыста жол ашылды.

Қазақстанның үш облысында жол ашылып, көлік қозғалысы қайта жанданды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, бүгін таңғы 06:00 кезінде Ақмола облысында «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» автожолының 16-200 шақырымы ашылған. Бұл - Нұр-Сұлтан қаласы мен Павлодар облысының шекарасы аралығындағы учаске.

Сонымен қатар, бүгін таңертең Ақмола облысы шекарасынан Павлодар облысының Шідерті ауылына дейінгі тасжолда көліктің барлық түріне жүруге рұқсат берілді. Бұл - «Нұр-Сұлтан -Ерейментау-Шідерті» жолының 200-254 шақырымы. Одан бөлек, Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен - Семей» автожолының 10-198 шақырымында көлік қозғалысы жанданды. Бұл - Герасимовка ауылынан бастап Семей қаласына дейін апаратын жол. Бүгін таңғы 08:00 бастап «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатонқарағай-Рахман бұлағы» жолының 7-66 шақырымы, атап айтқанда Ушанов ауылынан Серебрянск қаласына дейінгі аралық та ашылды.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті