Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескрту жарияланды

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескрту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Болжам бойынша 20 қыркүйек күні күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Кей жерлерде оңтүстік, онтүстік-шығыстан жел соғып, күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Жезқазғанда 20 қыркүйек күні күндізнайзағай ойнап, оңтүстік, онтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 70-75%.

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстіктен жел соғады, түнде кей жерлерде күші секундына 15-20 метрге, күндіз 15-20 метрге, екпіні 23-28 метрге жетеді. Петропавлда 20 қыркүйек күні күндіз оңтүстіктен жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 25 метрге жетеді. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.

Ақмола облысында оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, екпіні 23 м/с болады. Көкшетауда күндізоңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Ауа райы болжамының ықтмалдылығы 85-90%.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық көлік бағыттарының маңызды бөлігіне айналып келеді

логистика

Каспий теңізі бетін майлы дақ басты: экологтар не дейді?

Каспий

25 тамыздан бастап электросамокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады

самокат

Стример әйел TikTok-тағы эфирден кейін психикалық ауруханаға жатқызылды

стример