USD
USD
USD

Қазақстанның Украинадағы елшісі: Киевтегі елшіліктің жертөлесінде 40 адам отыр

 Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаев Киев қаласындағы біздің елшіліктің жөртөлесін 40 адамның паналап отырғанын мәлім етті.

Қазақстанның Украинадағы елшісі: Киевтегі елшіліктің жертөлесінде 40 адам отыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Киевтегі елшіліктің жертөлесінде 40 адам отыр. Эвакуацияға өтініштер сағат сайын өсуде. Көбісі бәрі ойдағыдай болады деп үміттенген болуы керек. Біз барлығын ойластырудамыз, шешімін іздеудеміз және бәрімен байланыстамыз. Сондықтан азаматтарымызды сәл сабыр етуге шақырамыз. Біздің мақсат – Украинадағы қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, елден аман сау алып шығу. Біз қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», – деді Дархан Кәлетаев.

Одан бөлек, елші сын сағатта тегін көмектесіп жатқан Украинадағы консулдарға алғысын білдірді. «Қазақстандық консулдықтар туралы жеке айтқым келеді. Құрметті консулдар, Украинаның азаматтары, олар тегін жұмыс істеп жатыр. Мысалы, ҚР құрметті консулы Галина Маслюк қазақстандықтар мінген Львовтан Польшаға дейінгі автобустың құнын өз қалтасынан төледі. Біздің азаматтарды эвакуациялауда көптеген азамат еңбектеніп жатыр. Олардың дені волонтерлер. Біз қол ұшын созып жатқан азаматтарға ақы төлемейміз», – дейді ол. Сондай-ақ, Дархан Кәлетаев «Жасыл» дәліз» жүйесінің қалай жұмыс істейтінін түсіндіріп өткен еді.

Қазір оқып жатыр

Өскеменде порнографиялық материал әзірлеп, таратқан 14 адам сотталды

порногарфия

Арман Қырықбаев мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды

Мәдениет және ақпарат министрі

Әлібек Қуантыров Экология және табиғи ресурстар министрлігін басқаратын болды

Экология және табиғи ресурстар министрі

Мұрат Мұханов Төтенше жағдайлар министрлігінің жаңа басшысы болып тағайындалды

ТЖМ